Онлайн форматта қоғамдық қабылдау

Онлайн форматта қоғамдық қабылдау

Ағымдағы жылы 30 наурызда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ы БҚО филиалының Ақжайық ауданы бойынша Халыққа қызмет көрсету бөлімінде мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасына қоғамдық бақылауды күшейту мақсатында онлайн форматта қоғамдық қабылдау өткізілді. Қабылдауға аудан әкімі аппаратының маманы, аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы және қоғам белсендісі қатысты. Қабылдауда келген азаматтар мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің  көрсетілуі бойынша өз сауалдарын қойып, мамандар тарапынан жауап берілді. Алдағы уақытта мұндай жұмыстар өз жалғасын табатын болады.