Бос орын

Бос орын
«Ақжайық ауданы әкімі аппараты» ММ «Б» корпусы бойынша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс жариялайды.
090100, Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Чапаев ауылы, Қонаев көшесі 70-үй, 6-бөлме, анықтама телефоны: 8(71136)91-8-23, эл.мекенжайы: akimakzhaik@inbox.ru
1. Ақжайық ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы («E-R-1» санаты, 1 бірлік, индекс 06-01)
Біліміне қойылатын талаптар: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (қаржы, экономика, есеп және аудит, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, статистика, әлемдік экономика, жобаны басқару), құқық мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім.