Ауданда вакицина егу шаралары басталды

Ауданда вакицина егу шаралары басталды
БҚО бойынша КОВИД-19 індеті қайтадан күшейіп, "қызыл аймаққа " еніп отырмыз.
"Індеттен құтылудың бір-ақ жолы вакцинация , оны жеңу үшін ұжымдық иммунитет қалыптастыруымыз қажет. Қоғамдық ортада көп жүретін болған соң бірден вакцина аламыз деп шештік. Үйдегі бала- шағамыздың саулығы қымбат " деді алғашқылардың бірі болып вакцина алған ағамыз.
Бүгін Тайпақ ауруханасында КОВИДке қарсы вакцина салу басталды. Медицина қызметкерлері, ұстаздар, полиция қызметкерлері және Д бақылаудағы пациенттер вакцинаның 1 этапын алды. Екпеден соң арнайы күту залында 30 минут медицина қызметкерлерінің қадағалауында болды, вакцина жөнінде түсінік жұмыстары жүргізіліп ,өздерінің ой- пікірлерімен бөлісті, біз өз кезегімізде оларға тәтті шәй ұсындық. Бүгін 25 доза вакцина салынды, ертең де жоспарлы түрде вакцина салуды жалғастырамыз.
Жасыратыны жоқ, қазіргі уақытта вакцина алу деңгейі өте төмен, әлеуметтік желідегі жел сөздерге емес, нақты мәліметтерге сүйенген жөн . Кез-келген ауруды жеңу үшін, иммунитет мықты болу керек.
Мен вакцина алған кісілерді осы посттың астына өз әсерлерін бөлісуге шақырамын.
Егер, " Спутник -V" вакцинасын алғыңыз келсе біздің ауруханаға хабарласуға болады.
Деніміз сау болсын, сақтанып жүрейік!