Менің аулам-менің бағым

Менің аулам-менің бағым
«Менің аулам-менің бағым» жобасын жүзеге асыру мақсатында бүгін аудан орталығында белгілі бағбан Қайрат Боранбайұлы Кәрімовпен кездесу өтті (карантиндік нормалары сақталды).
Кездесуге ауылдық округ әкімдері мен жеміс-жидек көшеттерін егуге, соның ішінде алма бағын өсіруге ниет білдірген аудан тұрғындары қатысты. Жиналғандар алдында Қайрат Боранбайұлы алма бағын күтіп ұстау, жеміс-жидектерді өсіру бойынша өз тәжірибесімен бөлісіп, қатысушылардың тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді. Кездесудің өту барысы аудан әкімдігінің facebook парақшасында тікелей эфирден көрсетілді.