Орал қаласы мен аудан әкімдеріне

Орал қаласы мен     аудан әкімдеріне

Өткен 2020 жылдың қыркүйек айында өткен Қазақстан кәсіподақтарының 26-шы съезі кәсіподақ қозғалысы саласында белсенді шоғырлану міндетін қойды. Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев съезде сөйлеген сөзінде кәсіподақ ұйымдарын қоғамдағы басты біріктіруші күштердің бірі ретінде атап өтіп, Қазақстан кәсіподақтарының жұмысына жаңа үрдістер енгізу міндетін қойды.

Өткен жылдың қазан айында Республикалық «Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» бірлестігінің төрағасы Е.Капельден облыс әкімі Ғ.Есқалиевтің атына хат келген болатын.  Онда «Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заңның қабылдануына байланысты Батыс Қазақстан облысындағы кәсіподақ ұйымдарын күшейту мен қайта құру бойынша жұмыстарды бастау, нақтырақ айтқанда:

  1. Салалық белгілері бойынша кәсіподақ қозғалысына ауыл шаруашылығы саласының кәсіпорындарын тартуды ұлғайту;
  2. Кәсіподақ ұйымдарын «Батыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіподағының» базасына топтастыру туралы баса айтылған.

Қазіргі таңда өтіп жатқан аудандар мен ауылдық округтер әкімдерінің есеп беру кездесулері облыстың шаруа және фермер қожалықтарының жоғары тұрған мемлекеттік және өзге де органдармен өзара іс-қимылында  олардың  мүдделерін білдіретін және құқықтарын қорғайтын ұйым болған жағдайда ғана тиімді шешіле алатын проблемалық мәселелерін анықтап беруде.

           Кәсіподақ қозғалысы саласында қойылған міндеттердің маңыздылығын ескере отырып, Сізден "Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіподағы" ҚБ базасында кәсіподақ қозғалысын шоғырландыруға, оның қатарына шаруа қожалықтарын, облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін, ШОБ объектілерін, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеушілерді тартуға ықпал жасауды және бірлескен жұмыстар жүргізуді сұраймын.

Бастапқы кезеңде кәсіподақ ұйымының қатарына жаппай тарту емес, қазіргі кездегі аудандағы бірқатар ірі және орта шаруа, фермер қожалықтарының облыстық ауыл шаруашылығы кәсіподағының құрамына кіруне қол жеткізу міндеті қойылып отыр. Сізден аудан бойынша осы жұмысты жүргізетін және облыстық ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіподағымен үнемі байланыста болатын жауапты тұлғаны тағайындауыңызды сұраймыз.

"Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіподағы" ҚБ мекен жайы: Орал қаласы, Ә.Молдағұлова көшесі, 3-үй. Байланыс телефондары: қоғамдық бірлестіктің төрағасы – Дәулетжанов Амангелді Медхатұлы – 87779701770,  Гұбашев Ғалым Ғұбашұлы - 8

 

Батыс Қазақстан облысы

әкімі аппараты басшысының

орынбасары                                                                 Ғ. Капаков