Ақжайық ауданында «Еңбек Жолы» конкурсы бойынша еңбек әулеттері мен өндіріс қызметкерлері арасындағы республикалық байқаудың өңірлік кезеңіне қатысуға құжаттар қабылдайды.

Ақжайық ауданында «Еңбек Жолы» конкурсы бойынша еңбек әулеттері мен өндіріс қызметкерлері арасындағы республикалық байқаудың өңірлік кезеңіне қатысуға құжаттар қабылдайды.

 

Аталған конкурсқа кәсіпорынның (саласына қарамастан) барлық жұмыскерлері (қызметкерлері) ережеге сәйкес қатыса алады. «Еңбек Жолы» конкурсы 3 номинациядан тұрады: «Үздік еңбек әулеті» – ең ұзақ еңбек өтілі мен ең көп марапаттары бар әулет таңдалады. «Өндірістің үздік жас қызметкері» – еңбек өтілі 5 жылдан аспайтын өндірістің ең белсенді және еңбекқор қызметкері таңдалады; «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» - 20 жылдан кем емес жұмыс өтілі бар ең жоғары тиімді тәлімгер таңдалады. Аудандық іріктеуден өткен жеңімпаз облыстық деңгейге қатысуға жолдама алады.

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді 15 наурыздан бастап 15 мамырға дейін Ақжайық аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қабылдайды.

 

Толық ақпаратты 87113691390, 87113692345 байланыс телефондары арқылы алуға болады.