Қаңғыбас жануарлармен күрес

Қаңғыбас жануарлармен күрес
Аудан әкімі Қалияр Айтмұхамбетов мекеме басшылары және қоғам белсенділерімен кездесіп, аудан бойынша қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және биозарарсыздандыру жұмыстарын күшейту жайында сөз қозғады.
Күн тәртібіндегі өзекті мәселеге қатысты қатысушылардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, қаңғыбас иттердің тұрғындарға қауіп төндіруінің алдын алу бойынша атқарылу қажет жұмыстар нақтыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша аудан әкімі Қ.Айтмұхамбетов жауапты мекемелерге кешенді жоспар жасақтауды, аудан аумағында иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларына сәйкес тұрғындарға жаднама таратуды, БАҚ-та мақалалар айдарын жариялауды тапсырды. Еңбек ардагерлері де өзекте мәселе бойынша халыққа өз үндеулерін қосатындарын айтты.
2019 жылдың 8 айында жергілікті бюджеттен бөлінген 1 млн. 400 мың теңге қаражатқа ауданда 1124 бас ит ауланып жойылды. Алайда, 2019 жылғы 28 тамыздағы облыстық мәслихаттың шешімі бойынша қаңғыбас иттер мен мысықтарды биозарарсыздандыру әдісі қолданысқа енгізіліп, оларды аулап-жоюға тыйым салынды. Аудандық ветеринариялық станциясы мекемесі жанынан қаңғыбас иттер мен мысықтарды уақытша ұстау орындары ұйымдастырылып, барлығы 208 қаңғыбас иттер ауланып, зарарсыздандырылды.