Ақжайық ауданында балалардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі қаралды

Ақжайық ауданында балалардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі қаралды

Ақжайық ауданында балалардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі қаралды

2026 жылғы 10 тамызда Ақжайық ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

Отырысты аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы З.И. Мажитова жүргізді.

Жиынға Батыс Қазақстан облысы бойынша комиссия мүшелері және  аудандық комиссия мүшелері қатысты.(тізім бойынша)

  • Сатарова Диляра Махмудқызы – қоғам белсендісі;
  • Даулетиярова Мариэтта Тархановна – Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры;
  • Рогозина Татьяна Вениаминовна – Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының бас инспекторы, облыстық комиссияның хатшысы..

 Аудандық комиссия мүшелері: Аудандық мәслихат депутаты Қ.Ж.Бисегалиев, Ақжайық ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы Е.Мухтарулы, Ақжайық ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Г.Д.Кулмуканова; Ақжайық аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ф.Ф.Уахитов, Ақжайық аудандық ауруханасының директоры А.Б.Белисанов, Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің Отбасын қолдау орталығының директоры Ш.Б.Досалиева, Ақжайық АПб ҚҚб-нің КТІЖб а инспекторының м.а Ж.А.Срымова.

Шақырылғандар: Ақсуат ауылдық округінің әкімі Т.Б.Доскалиев.

Күн тәртібінде 2 мәселе қаралды.

  1. «Қауіпсіз балалық шақ-2026» ведомствоаралық акциясының іс-шаралар жоспарының орындалуы
  2. 2026 жылғы 7 тамызда Ақсуат ауылдық округіне қарасты Қарасу өзенінде кәмелетке толмаған баланың суға батып кету фактісін қарау.

Отырыста су айдындарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ата-аналар мен балалар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, суға шомылуға тыйым салынған және қауіпті учаскелердегі қауіпсіздік шараларын күшейту мәселелері талқыланды.

Комиссия мүшелері балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған профилактикалық жұмыстарды күшейтудің маңыздылығын атап өтті. Жауапты мекемелерге балалардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жазатайым оқиғалардың алдын алу бағытындағы түсіндіру жұмыстарын күшейту жөнінде тиісті тапсырмалар берілді.

Балалардың қауіпсіздігі – баршаға ортақ жауапкершілік.