
Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері, ардақты журналистер!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бүгінгі күні ақпарат кеңістігі қоғам дамуының маңызды құрамдас бөлігіне айналды. Ел өміріндегі маңызды жаңалықтарды халыққа дер кезінде әрі шынайы жеткізу, қоғамдық пікірдің қалыптасуына ықпал ету, мемлекет пен қоғам арасындағы өзара сенімді нығайту – бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің жауапты әрі абыройлы міндеті.
Журналистика – кәсіби шеберлікті, адалдықты және жоғары жауапкершілікті талап ететін ерекше сала. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің арқасында тұрғындар маңызды ақпаратпен қамтамасыз етіліп, ашықтық пен жариялылық қағидаттары нығайып келеді.
Ақжайық ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы, мәдениеті мен рухани өмірі, ел игілігі жолындағы маңызды бастамалар мен игі істердің халыққа кеңінен насихатталуына қосып жүрген үлестеріңіз үшін баршаңызға шынайы алғысымды білдіремін.
Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, шығармашылық шабыт, кәсіби табыс, тың идеялар мен толағай жетістіктер тілеймін. Қаламдарыңыз ұшталып, ел игілігі жолындағы еңбектеріңіз әрдайым жемісті болсын!
Мерекелеріңіз құтты болсын!
Құрметпен,
Ақжайық ауданының әкімі
М.Сердалин