
Бүгін аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мажитованың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультациялық-кеңесші органның кезекті отырысы өтті.
Отырысқа комиссия мүшелері, пробация қызметінің өкілдері, аудандық мансап орталығы мен денсаулық сақтау саласының мамандары қатысты.
Күн тәртібінде үш мәселе қаралды:
🔹Бірінші мәселе бойынша аудандық Мансап орталығының маманы Ақсамал Таспаева пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды тұрақты және субсидияланатын жұмыс орындарына орналастыру, оларды кәсіптік оқыту және қосымша мамандықтар бойынша даярлау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.
🔹Екінші мәселе бойынша №1 аудандық пробация қызметінің бастығы Мейрамбек Наурызов пен №2 аудандық пробация қызметінің аға инспекторы Улпан Зайдағалиева пробация есебінде тұрған кәмелетке толмағандармен жүргізіліп жатқан профилактикалық жұмыстар туралы ақпарат берді. Кездесу барысында жасөспірімдердің құқық бұзушылыққа қайта жол бермеуінің алдын алу, бос уақытын тиімді ұйымдастыру және әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
🔹Үшінші мәселе бойынша аудандық аурухананың психологі Айша Меңдалиева пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға көрсетілетін медициналық және психологиялық көмек шаралары туралы баяндама жасап, олардың денсаулығын бақылау және қажетті медициналық қызметтермен қамту бағытындағы жұмыстарға тоқталды.
Отырыс қорытындысы бойынша қаралған мәселелерге қатысты тиісті ұсыныстар қабылданып, жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар берілді.