
Аудан әкімі Мұрат Сердалин азаматтарды жеке мәселелері бойынша кезекті қабылдау өткізді. Қабылдауға аудандық бөлім басшылары мен тиісті сала мамандары қатысты.
Қабылдау барысында үш тұрғынның өтініштері мен ұсыныстары тыңдалып, тұрғын үй және жер қатынастары салаларына қатысты өзекті мәселелер көтерілді. Әрбір өтініш бойынша қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес түсіндірмелер беріліп, мәселелерді шешу жолдары қарастырылды.
Аудан басшысы көтерілген мәселелердің барлығы бақылауға алынатынын атап өтіп, жауапты мекеме басшылары мен сала мамандарына нақты тапсырмалар жүктеді.