4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні!

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні!

Құрметті Ақжайық ауданының тұрғындары!

Баршаңызды 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Мемлекеттік рәміздер күні – Тәуелсіз Қазақстанның тұғырын бекемдеп, елдік құндылықтарды ұлықтайтын маңызды мереке. Мемлекеттік Туымыз, Елтаңбамыз және Әнұранымыз – халқымыздың тарихын, азаттыққа деген ұмтылысын және жарқын болашаққа деген сенімін айшықтайтын қасиетті нышандар.

Ағымдағы жылы Мемлекеттік рәміздер күні Қазақстан Республикасы Конституциясының құндылықтары мен қағидаттарымен сабақтастықта аталып өтуде. Ата Заңымызда мемлекеттің тәуелсіздігін, аумақтық тұтастығын сақтау, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және мемлекеттік рәміздерді құрметтеу әрбір азаматтың маңызды міндеттерінің бірі ретінде айқындалған.

Мемлекеттік Туымыздың көгілдір түсі бейбітшілік пен тұрақтылықты, алтын күн мен қыран құс еркіндік пен жасампаздықты білдіреді. Елтаңбамыздағы шаңырақ – бірлік пен татулықтың символы болса, Әнұранымыз Отанға деген мақтаныш пен сүйіспеншілікті нығайтады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, «Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу – әр азаматтың қастерлі парызы». Бүгінде Қазақстан әлемдік қауымдастықта өзіндік орны бар, бейбітшілік пен келісімді ту еткен, қарқынды дамып келе жатқан мемлекет ретінде танылып отыр. Осындай жетістіктердің негізінде халқымыздың ауызбіршілігі, елге деген адал қызметі және мемлекеттік құндылықтарға деген құрметі жатыр. Сондықтан мемлекеттік рәміздерді қастерлеу – өткенімізге тағзым, бүгінімізге құрмет және келешек ұрпақ алдындағы жауапкершілік.

Қадірлі жерлестер!

Мемлекеттік рәміздер күні әрқайсымыздың жүрегімізде туған елге деген мақтаныш сезімін арттырып, ортақ құндылықтар төңірегінде біріктіре берсін. Еліміздің өсіп-өркендеуі жолындағы еңбектеріңіз жемісті болып, шаңырақтарыңызға амандық пен бақ-береке тілеймін. Мемлекеттік Туымыз әрдайым биікте желбіреп, Елтаңбамыздың айбыны асқақтап, Әнұранымыздың әуені әлем төрінде шарықтай берсін!

Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын!

Құрметпен, Ақжайық ауданының әкімі

М.Сердалин