Жеке қабылдауда тұрғындардың мәселелері қаралды

Жеке қабылдауда тұрғындардың мәселелері қаралды

Аудан әкімі Мұрат Сердалин азаматтарды жеке мәселелері бойынша кезекті қабылдау өткізді. Қабылдауға Чапаев ауылдық округінің әкімі Биболат Зейнуллин, аудандық бөлімдердің басшылары мен тиісті сала мамандары қатысты.

Қабылдау барысында тұрғын үймен қамтамасыз ету, жұмыспен қамту және өзге де әлеуметтік мәселелерге қатысты азаматтардың өтініштері мен ұсыныстары қаралды. Әрбір мәселе бойынша қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес түсіндірмелер беріліп, оларды шешу жолдары пысықталды.

Қабылдау қорытындысы бойынша аудан басшысы жауапты мекемелер мен сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеп, көтерілген мәселелердің орындалуын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.