Аудан әкімінің орынбасары Т.Габдушевтың төрағалығымен Ақжайық ауданы іскер әйелдер кеңесі отырысы өтті. Шараға облыстық іскер әйелдер кеңесінің төрайымы – Л.Турсынова, «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының бизнес-тренері – З.Кубеева, облыстық іскер әйелдер кеңесінің БАҚ комитетінің төрайымы – А.Джампеисова, Теректі аудандық іскер әйелдер кеңесінің төрайымы – М.Исенова және ауданның бөлім, мекеме басшылары, Ақжайық аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы, ауылдық округтерден кәсіпкер әйелдер қатысты.
Ляна Алексейқызы Турсынова кеңес отырысына қатысушыларға кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шаралары, несие, грант алу бойынша толық ақпарат берді.
Әр ауылдық округтен іскер әйелдер кеңесінің өкілдері тағайындалып, сертификаттар табысталды.