Әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды

Әлеуметтік сала қызметкерлері марапатталды
Бүгін әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай салтанатты шара ұйымдастырылды. Шараға қатысқан аудан әкімінің орынбасары Ердос Үмітов әлеуметтік сала қызметкерлерін құттықтап, марапаттар табыстады.
Мерген ауылының жалғызілікті қариялар мен мүгедектерге, мүгедек балаларға үйден әлеуметтік қызмет көрсету аралас бөлімшесінің әлеуметтік қызметкері Майра Бисалиева және арнаулы қызмет көрсету орталығының диеталық тамақтаны жөніндегі мейірбикесі Алтынай Сатыбалдиева облыс әкімінің орынбасарының алғыс хатымен, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының алғыс хатымен арнаулы қызмет көрсету орталығының психологы Әсемгүл Кашкинбаева, Чапаев ауылы бойынша жалғызілікті қариялар мен мүгедектерге, мүгедек балаларға үйден әлеуметтік қызмет көрсету аралас бөлімшесінің әлеуметтік қызметкері Бияш Ахметова, Тайпақ ауылының әлеуметтік қызметкері Бокашева Балсұлу Өмірбайқызы, Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Бақтыгүл Ержанова, бөлім кеңесшісі Айдана Жазықбаева, Алғабас ауылының әлеуметтік төлемдер жөніндегі ассистенті Айгүл Сүндетова, Халықты жұмыспен қамту орталығының сектор меңгерушісі Ақсамал Таспаева, Арнаулы қызмет көрсету орталығының терапевт дәрігер Гульфайруз Хамзина, Арнаулы қызмет көрсету орталығының мәдени ұйымдастырушы Абай Сагадиев марапатталды.
Аудан әкімі Қ.Ш.Айтмұхамбетовтың алғыс хатымен Жамбыл ауылының әлеуметтік төлемдер жөніндегі ассистенті Меруерт Игалиева, Халықты жұмыспен қамту орталығының кеңесшісі Ақтолқын Изтелеуова, Чапаев ауылының жалғызілікті қариялар мен мүгедектерге, мүгедек балаларға үйден әлеуметтік қызмет көрсету аралас бөлімшесінің әлеуметтік қызметкерлеріі Алтынай Құбашева, Тайпақ ауылынан әлеуметтік қызметкері Әсия Рахметуллина, Арнаулы қызмет көрсету орталығының заңгері Санжар Кереев, Арнаулы қызмет көрсету орталығының мейірбикесі Шынар Сатыбалды, Арнаулы қызмет көрсету орталығының аспазы Айтолқын Жалмухатова, Арнаулы қызмет көрсету орталығының палаталық санитары Гүлмира Мендешева марапатталды.
Сонымен қатар Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік мекемелер қызметкерлері салалық кәсіподағының құрмет грамотасымен Чапаев ауылының жалғызілікті қариялар мен мүгедектерге, мүгедек балаларға үйден әлеуметтік қызмет көрсету аралас бөлімшесінің әлеуметтік қызметкері Калила Мухангалиева және жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының алғыс хатымен бөлім статисті Айнұр Исмағұлова, Бударин ауылының ассистенті Ляззат Қабдығалиева және орталық статисті Мәди Құрамыс марапатталды.