
Ауданымызда спорт саласындағы жетістіктерін қорытындылауға арналған «Жыл қорытындысы – 2025» салтанатты марапат рәсімі өтті.
Шараға аудан әкімі Мұрат Сердалин қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, жыл көлемінде жоғары нәтижелерге қол жеткізген спортшылар мен жаттықтырушыларды, сондай-ақ спортты дамытуға үлес қосқан тұлғаларды марапаттады. Өз сөзінде аудан әкімі спорт саласының даму динамикасына тоқталып, спортшылардың жетістіктері ауданның мәртебесін арттыруға зор үлес қосатынын атап өтті.
2025 жылы ауданымыздың спортшылары республикалық және халықаралық жарыстарда жеңіс тұғырына көтеріліп, көптеген жүлделерге ие болды.
Марапатталғандар қатарында:
Шапиев Жасталап Сәлімұлы – Дзюдо, Париж: ардагерлер арасында әлемдік турнир қола жүлдегері.
Даулетов Асылбек Сүлейменұлы – футбол алаңын жаңғыртқаны үшін Алғыс хат.
Утебаев Ренат Бахсихұлы – Еркін жүзу жеңімпазы, қазақша күрес қола жүлдегері.
Нұрсайнов Мейіржан Сағадатұлы – Тоғызқұмалақ: аудандық, облыстық жарыстар жеңімпазы.
Галимов Алиби Амангельдіұлы – Асық ату: аудандық, облыстық жарыстар чемпионы, «Ақ бидай – 2025» жеңімпазы.
Габдуллин Асланбек Қайырғалиұлы – Көпсайыс: Қазақстан чемпионаты жүлдегері; футбол: халықаралық турнир жүлдегері.
Қайырсапин Оразай Сержанұлы – Қол күресі, дәстүрлі садақ ату: облыстық, республикалық жеңімпазы, спорт шебері.
Ізден Досжан Талапұлы – Бокс, тэквандо, жекпе-жек, кикбокс: облыстық, халықаралық жеңімпазы, «Ақбидай-2025» кикбокс қола жүлдегері.
Магданова Дана Берікқызы – Волейбол: ҚР 3 дүркін жеңімпазы, «Ақ бидай – 2025» күміс жүлдегері.
Космагулов Кайнар Айбарұлы – Аударыспақ: Қазақстан чемпионаты, «Ақ бидай – 2025» жеңімпазы.
Қабылқайыр Азат Қайратұлы – Аударыспақ: жастар арасында Қазақстан чемпионаты қола және күміс жүлдегері.
Айғали Мейірім – Дзюдо, қазақ күресі: облыс чемпионаты жеңімпазы, «Ақбидай – 2025» жеңімпазы, спорт шебері.
Берікқали Шафхат Асылбекұлы – шағын футбол жүлдегері, БҚО университеттер чемпионаты.