Ақжайық ауданы – «Үздік спорттық аудан»

Ақжайық ауданы – «Үздік спорттық аудан»

Батыс Қазақстан облысында өткен «Жалын – 2025» салтанатты шарасында ауданымыздың спорт саласындағы жетістіктері жоғары бағаланып, Ақжайық ауданы «Үздік спорттық аудан» аталымына ие болды. Марапатты Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Мирас Мүлкәй табыстады.

«Ақ бидай» халықтық спорттық ойындарының облыстық кезеңінде Ақжайық ауданының құрама командасы жоғары нәтижеге қол жеткізіп, чемпион атанды. Бұл жеңіс – аудан спортшыларының жүйелі дайындық пен мақсатты еңбегінің нақты көрінісі. Сонымен қатар аталған ойындардың республикалық кезеңінде облыс құрамасы жүлделі ІІІ орынға ие болып, бұл жетістікке Ақжайық ауданы спортшыларының қосқан үлесі айрықша екенін ерекше атап өткен жөн.

Бұдан бөлек, мемлекеттік қызметшілерден құралған ауданның волейбол командасы да биыл табысты ойын көрсетіп, облыс әкімінің кубогын жеңіп алды. Осының барлығы біріге келе, ауданымызда бұқаралық спортты дамыту және тұрғындар арасында салауатты өмір салтын насихаттау бағытында атқарылып жатқан жүйелі жұмыстардың жоғары тиімділігін дәлелдейді.

Салтанатты шара барысында ауданымыздың түлегі, Ислам ойындарының қола жүлдегері Зейнеп Баянова «Жыл жаңалығы» аталымының иегері атанды.