
Бүгін Ақжайық аудандық мәслихатының төрағасы Сәлімгерей Сиражевтің төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезекті ХХХVІІ сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудан әкімі Мұрат Сердалин, аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері және мекеме басшылары қатысты.
Күн тәртібінде үш негізгі мәселе қаралды:
Сессия барысында Батыс Қазақстан облысының мәслихат депутаты Ақылбек Сағитов, аудандық мәслихат төрағасы Сәлімгерей Сиражев, Ақжайық ауданының құрметті азаматы Үзілдік Елеубайқызы және Құрайлысай ауылдық округінің әкімі Бауыржан Сатдыков қазақ елінің ұрпағын іскерлік құндылықтар жүйесінде тәрбиелеуге, білім мен еңбекті жоғары қоятын, сондай-ақ ата-баба даналығы мен ұлттық дәстүрді насихаттауға қосқан қажырлы еңбектері, сонымен қатар халық жазушысы, ақын Жұбан Молдағалиевтің 105 жылдық мерейтойын ұйымдастыруға және насихаттауға белсенді атсалысқандары үшін Халықаралық «Махамбет» қорының төрағасы Болат Батыр атынан алғыс хаттармен марапатталды.
Сессияның қорытындысында депутаттар мен қатысушылар алдағы кезеңге арналған маңызды міндеттерді нақтылап, ауданның дамуына өз үлестерін қосуға ниеттерін білдірді.