
Ақжайық ауданы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған мемлекеттік қызметкерлер арасындағы волейболдан Батыс Қазақстан облысы әкімінің кубогінде жүлделі І орынды иеленді!
Бұл жеңіс — спортқа деген сүйіспеншіліктің, командалық рухтың, табандылық пен қажырлы еңбектің айқын нәтижесі. Аудан абыройын асқақтатып, намысты қолдан бермеген спортшыларымызды шын жүректен құттықтаймыз!
Тәуелсіз еліміздің мерейі үстем болып, осындай жарқын жеңістеріміз көп болсын! Алда да толағай табыстар мен биік жетістіктер тілейміз!