
Аудан әкімі Мұрат Сердалин азаматтардың жеке өтініштері бойынша кезекті жеке қабылдау өткізді.
Қабылдауға аудандық бөлімдердің басшылары мен Чапаев ауылдық округінің әкімі Биболат Зейнуллин қатысты.
Қабылдау барысында екі тұрғынның өтініштері қаралып, тұрғын үй және әлеуметтік көмек алу мәселелері тыңдалды.
Аудан басшысы көтерілген мәселелер бойынша қолданыстағы заңнама аясында түсініктеме беріп, жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.