Ақжайық ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы

Ақжайық ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы

Бүгін Батыс Қазақстан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде Ақжайық ауданының әкімі Мұрат Сердалин ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы брифинг өткізіп, ауданның негізгі жетістіктері мен даму көрсеткіштері туралы баяндады.

Ауыл шаруашылығы:

- Жалпы өнім көлемі 35 млрд 561 млн теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,2%-ға артып отыр.

- Мал басы: 157 543 МІҚ, 52 947 жылқы, 199 089 қой-ешкі.

- Асыл тұқымды ІҚМ үлесі – 47%, қой – 8,9%, жылқы – 12,6% өсті.

- Ауданда 7 мал бордақылау алаңы тұрақты жұмыс жасауда.

- 15 жаңбырлатқыш қондырғы орнатылып, 1 125 га суарылды.

- Мал азығы жоспары 101,4% орындалды.

Кәсіпкерлік және өнеркәсіп:

- Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен 13,7 млрд теңге көлемінде өнім өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда 58,9%-ға өсті.

- Өнеркәсіптік өндіріс көлемі 4,2 млрд теңгені құрап, өсім 267,3%-ды қөрсетті.

- Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 29,6 млрд теңге. Соның ішінде 9,7 млрд теңге бюджеттік қаражат, 19,9 млрд теңге жеке инвестиция.

- Ауданда 34 жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде 9 жоба іске қосылып, 32 жұмыс орны ашылды.

- «Ауыл аманаты» бойынша 22 кәсіпкер несиеленіп, 24 жаңа жұмыс орны ашылды.

Инфрақұрылым:

- Ауданда 45 елді мекеннің 38-і сумен қамтылған, 7-інде блок-модульдер орнатылды. Тоғанда жаңа модуль пайдалануға берілді, Чапаевтағы су құбыры 95% дайын.

- 9,2 км электр желісі ауыстырылып, 352 бағана жаңартылды.

- Әлеуметтік әлсіз топтағы азаматтарға 76 пәтер, «Қаладан ауылға» аясында 3 пәтерлі үй, медицина қызметкерлеріне 10 қызметтік пәтер беру жоспарлануда.

Жол-көлік инфрақұрылымы:

- 45 елді мекеннің 12-сіне кіреберіс жол асфальтталды. Мергенде 5 км жол жөнделді, Қамыстыкөлде 1 км қиыршық тас төселді. Бударинде 3, Чапаевта 2 көше күрделі жөндеуден өтті, Чапаевтағы 6 көше аудан бюджетінен қиыршық таспен жабылды.

Әлеуметтік сала:

-  «Қаладан ауылға» бағдарламасы бойынша 5 елді мекенге 7 отбасы көшіп келді (18 мектеп жасы). 9 жаңа медициналық нысан, Көнеккеткенде жаңа мәдениет үйі, Есенсайда спорт кешені ашылды. Чапаев және Тайпақ кітапханалары модернизациядан өтті.