
Бүгін аудан әкімі Мұрат Сердалинның төрағалығымен кеңейтілген кеңес отырысы өткізілді. Жиынға аудандық мекеме, бөлім басшылары және ауылдық округ әкімдері қатысты.
Күн тәртібінде алдымен жұмыспен қамтудың белсенді шараларының орындалуы қаралды, сондай-ақ әлеуметтік сала заңнамасына енгізілген өзгерістер таныстырылды.
Бұдан бөлек, әдеп кодексі талаптарының сақталуына қатысты мемлекеттік қызмет саласындағы негізгі мәселелер бойынша қысқаша ақпарат ұсынылды. Еңбек демалысы мен іссапар шығындарын уақтылы өтеу, әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, қызметтік автокөліктерді мақсатты пайдалану, сондай-ақ құмар ойындарына тыйым салу талаптарын сақтау қажеттілігі атап өтілді.
Ауылдық елді мекендерде енгізіліп жатқан «Ауылнай» институтының іске асу деңгейі жан-жақты қаралып, оның тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге, мемлекеттік бағдарламаларды тиімді іске асыруға және жергілікті басқаруға қатысу белсенділігін арттыруға ықпалы талқыланды, тиісті бағыттар бойынша нақты хаттамалық тапсырмалар берілді.
Ағымдағы жылы аудан әкімдігіне 1106 өтініш түсіп, өткен жылмен салыстырғанда тұрғындардың белсенділігі артқаны байқалды. Өтініштердің басым бөлігі мерзімінде қаралып, көтерілген мәселелер бойынша тиісті шаралар қабылдануда. Аудан басшысының қатысуымен 77 қабылдау өткізіліп, 322 азамат тыңдалып, заң аясында түсініктемелер мен қолдау көрсетілді.
Аудан бойынша тіркелген 1 849 жұмыссыздың 1 075-і (97,2%) тұрақты жұмысқа орналастырылды. Сонымен қатар 331 адам қоғамдық жұмысқа , 68 адам әлеуметтік жұмыс орындарына , 118 жас жастар тәжірибесіне қатысуда . Бұл көрсеткіштер ауданда жұмыспен қамту саласында жүйелі әрі нәтижелі жұмыс жүргізіліп жатқанын көрсетеді.0
Кеңес отырысы барысында талқыланған мәселелер ауданның тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған нақты шешімдермен қорытындыланды.