ЕҢБЕК АРДАГЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ЕҢБЕК АРДАГЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Бүгін аудан әкімі Мұрат Сердалин орман шаруашылығы саласында 34 жыл үздіксіз еңбек еткен сала ардагері Мәлік Қабдыұлын 60 жасқа толуымен арнайы қабылдап, құттықтады.

Кездесу барысында аудан басшысы мерейтой иесіне ұзақ жылдар атқарған еңбегі үшін алғыс білдіріп, құттықтау хатын табыстап, иығына шапан жапты. Сонымен қатар, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Д.Тұрғамбаевтың атынан құттықтау хаты мен төс белгі табыс етілді.

 Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Максим Үмбеталиев Мәлік Қабдыұлына Батыс Қазақстан облысының құрметті ардагері төс белгісін табыстап, өзінің жылы лебізін білдірді.

Мәлік Қабдыұлы – Ақжайық өңірінің орман шаруашылығының дамуына елеулі үлес қосқан тәжірибелі маман. Еңбек жолын орманшы қызметінен бастап, Чапаев орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің директоры қызметіне дейін көтеріліп, өңір экологиясын сақтауға зор еңбек сіңірді.

Еңбегі облыс, аудан әкімдерінің және салалық ұйымдардың марапаттарымен бағаланып, «Еңбек даңқы» төс белгілерінің I және II дәрежелерімен, мемлекеттік мерекелік медальдармен наградталған.