АУДАНДА МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ХХХІV СЕССИЯСЫ ӨТТІ

АУДАНДА МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ХХХІV СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Бүгін аудандық мәслихат төрағасы Сәлімгерей Сиражевтің төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХХІV сессиясы өтті.

Сессия жұмысына аудан әкімі Мұрат Сердалин, аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері және мекеме басшылары қатысты.

Күн тәртібінде екі негізгі мәселе қаралды:

Ақжайық аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы №26-2 «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе тыңдалып, тиісті шешім қабылданды.

Ақжайық ауданы бойынша 2026–2028 жылдары қоғамдық тәртіпті сақтау саласындағы нысаналы индикаторларға қол жеткізу мақсатында аудан әкімдігі мен аудандық полиция бөлімінің міндеттері мен қызметтерін бағалау критерийлері талқыланып, бекітілді.

Сессияда қаралған мәселелер бойынша қажетті шешімдер қабылданып, бірқатар жоспарлар нақтыланды.