
Бүгін аудан әкімі Мұрат Сердалин Ақжайық ауданының еңбек ардагері Қаным Аймағамбетованы 70 жасқа толуымен құттықтап, арнайы қабылдады.
Кездесу барысында аудан басшысы мерейтой иесінің білім саласын дамытуға қосқан ұзақ жылдық еңбегіне алғысын білдіріп, құттықтау хатын табыстап, иығына ақ камзол жапты.
Қаным Бисенбайқызы 1972 жылдан бері білім саласында қызмет етіп, мұғалім, мектеп меңгерушісі, қоғамдық қызметкер ретінде үлкен еңбек сіңірді. Ұстаздың еңбегі аудандық, облыстық, республикалық марапаттармен бағаланды, 2023 жылы Білім және ғылым министрінің Алғыс хатымен марапатталды.