«Таза Қазақстан» сенбілігінің нәтижесі

«Таза Қазақстан» сенбілігінің нәтижесі

Бүгін ауданда «Таза Қазақстан» акциясы аясында жалпы халықтық сенбілік ұйымдастырылды. Іс-шараға барлығы 736 адам қатысып, қоршаған ортаны таза ұстауға өз үлестерін қосты. Сенбілік барысында 16,5 тонна қатты тұрмыстық қалдық жиналып, жұмыстарға 9 бірлік техника жұмылдырылды.

Аталған акция ауданның экологиялық жағдайын жақсартуға, сондай-ақ тұрғындардың табиғатқа жауапкершілікпен қарауын арттыруға бағытталды.

Барша тұрғындарды қоршаған ортаны таза ұстауға шақырамыз!