
Аудан әкімі Мұрат Сердалин азаматтардың жеке мәселелері бойынша кезекті қабылдау өткізді. Қабылдауға аудандық бөлімдердің басшылары және ауылдық округ әкімдері қатысты.
Қабылдау барысында 2 тұрғынның өтініштері қаралып, жұмыспен қамту, тұрғын үй және жол-көлік оқиғасына қатысты мәселелер тыңдалды.
Аудан басшысы көтерілген мәселелер бойынша тиісті шаралар қабылданатынын атап өтіп, барлық өтініштің заңнама талаптарына сәйкес қаралатынын жеткізді.