Депутаттар ауыл инфрақұрылымын дамыту мәселелерін талқылады

Депутаттар ауыл инфрақұрылымын дамыту мәселелерін талқылады

Бүгін Ақжайық ауданына жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаттары Айна Мысырәлімова мен Екатерина Смолякова келді.

Депутаттар Жамбыл ауылдық округіне қарасты Үштөбе ауылындағы Үштөбе негізгі орта мектебінің жұмысымен танысып, білім ордасының материалдық-техникалық базасын, оқу үдерісінің ұйымдастырылуын және педагогтердің жағдайын зерделеді.

Үштөбе ауылында салынып жатқан 60 орындық мектептің құрылыс барысы да қаралды.

Сонымен қатар, «Қаладан ауылға» бағдарламасы аясында жас мамандарды ауылдық елді мекендерге тарту, оларды қолдау тетіктерін күшейту және ауыл инфрақұрылымын одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.