Аудан басшысымен бірге қабылдауға аудандық бөлім, мекеме басшылары, Чапаев ауылдық округінің әкімі Биболат Зейнуллин қатысты.
Мұрат Сердалин 23 азаматтың өтініш-тілектерін тыңдады. Аудан тұрғындарының басым бөлігі баспанамен қамтамасыз ету жайын сұрады, сондай-ақ жер учаскелеріне пайдалану құқығын алу, Чапаев ауылындағы мал бағымы, жол, арықтағы су және көппәтерлі тұрғын үйлердің алаңына ойын алаңдарын салу мәселелерін шешуге қатысты өтініштер айтылды.