Меню
Страницы

Ақжайық ауданында зиянкестерге қарсы фитосанитариялық бақылау жұмыстары назарда

Ақжайық ауданында зиянкестерге қарсы фитосанитариялық бақылау жұмыстары назарда

Ақжайық ауданында зиянкестерге қарсы фитосанитариялық бақылау жұмыстары назарда

Ақжайық ауданында ауыл шаруашылығы алқаптарын зиянды организмдерден қорғау және фитосанитариялық жағдайды тұрақты бақылауда ұстау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

2026 жылы аудан бойынша аса қауіпті зиянкестердің арасында ауданымызда кездесетін үйірлі шегірткелердің таралуына мониторингтік зерттеу жұмыстары жоспарланған 237,1 мың гектар аумақта толық жүргізілді. Оның ішінде итальяндық шегірткеге қарсы көктемгі-жазғы тексеру жұмыстары 60,0 мың гектар жерде жүргізіліп, 20,4 мың гектар аумақта зиянкестің таралуы анықталды, оның ішінде экономикалық зиян шегінен асқан алаңдар көлемі 4,0 мың га.

Шегіртке зиянкестерінің таралуына жол бермеу мақсатында белгіленген учаскелерде химиялық өңдеу жұмыстары ұйымдастырылды. Атап айтқанда, Чапаев, Базаршолан, Бударин және Мерген ауылдық округтерінің аумақтарында 4,0 мың га мемлекеттік жер қорындағы алқаптарда өңдеу шаралары жүргізілді.

Сонымен қатар, 2026 жылғы маусым айында итальяндық шегірткенің таралуы мен жұмыртқа салу кезеңіне байланысты 90,0 мың гектар аумақта жазғы зерттеу жұмыстары жүргізілді. Зерттеу нәтижесінде жалпы 29,1 мың гектар аумақта зиянкестің таралуы анықталды.

Фитосанитариялық қауіптің алдын алу мақсатында 2027 жылға итальяндық прусқа қарсы 3 800 гектар аумақта химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Оның ішінде Чапаев ауылдық округінде – 3 000 гектар, Базаршолан ауылдық округінде – 800 гектар жер қамтылады.

Аудан бойынша фитосанитариялық мониторинг жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын тауып, ауыл шаруашылығы алқаптарын зиянкестерден қорғауға бағытталған қажетті шаралар уақтылы қабылданатын болады.

 

 

ҚР АШМ АӨК МИК Ақжайық аудандық аумақтық инспекциясының өсімдіктерді қорғау және карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы Ж.С.Макашев

Социальные медиа
Instagram
facebook
Меню подвал
Экран дикторы
Құпиялылық саясаты
Терминдер мен қысқартулар
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің сайты