Қатты дауыл салдарынан ғимараттар мен тұрғын үйлердің шатырлары ұшып, зардап келтіруі ықтимал. Сондықтан шатырдың беріктігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету аса маңызды. Ғимараттың шатыры аймақтың климаттық ерекшеліктерін, жел және қар жүктемелерін ескере отырып жасалуы тиіс.
Төтенше жағдайлардың алдын алу үшін келесі шараларды орындау ұсынылады:
- Шатырдың тұтастығын, көтергіш конструкцияларын, су ағатын құрылғыларын және жабдықтармен түйіскен жерлерін жүйелі тексеру.
- Ағаш конструкцияларда бекіткіштердің тартылуын қадағалау, қажет болса ауыстыру.
- Темір-бетон элементтеріндегі жарықтарды цемент ерітіндісімен бітеу.
- Болат және даналы шатырларды ішкі-сыртқы жағынан тексеріп, қоқыстан тазалау.
- Шатырды үнемі жапырақтан, қардан, мұздан тазарту.
- Жөндеу алдында карниз, су бұрғыш және көтергіш элементтерді жарамды күйге келтіру.