Меню
Страницы

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ
ОБЪЯВЛЕНИЕ

Құрметті Ақжайық ауданының тұрғындары!

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және әуе кеңістігін пайдалану қағидаларын сақтау мақсатында, Сіздерден әуедегі ұшқышсыз аппараттарды (ҰША, дрон) байқаған кезде сақ болуыңызды және келесі ұсынымдарды орындауыңызды сұраймыз:

Егер сіз дронды байқасаңыз:

Оның жұмысына араласуға немесе аппаратты түсіруге тырыспаңыз. Бұл қауіпті болуы мүмкін.

Дронның маркасын, моделін, түсін және ұшу сипаттамасын (инфрақұрылым объектілеріне жақындау әрекеттері, стандартты емес әрекеттер және т.б.) жадыңызға сақтап немесе жазып алыңыз.

Дрон корпусындағы тану белгілеріне немесе тіркеу нөміріне назар аударыңыз.

Егер дрон күдікті немесе белгіленген қағидаларды бұзатын болса, дереу құқық қорғау органдарына 102 нөмірі бойынша немесе ең жақын әкімдікке хабарлаңыз.

Қандай әрекеттерге тыйым салынған:

Стратегиялық маңызы бар объектілердің (энергетикалық объектілер, ЖКХ объектілері, әкімшілік ғимараттар және т.б.) жанында дрон ұшыру.

Адам көп жиналған жерде тиісті рұқсатсыз дрон ұшыру.

Ресми рұқсатсыз шектеулі аймақтарды түсіру үшін дронды пайдалану.

Дрон иелері үшін:

Қазақстан Республикасының ҰША пайдалануды реттейтін заңнама талаптарының сақталғандығына көз жеткізіңіз.

Сізде, дронды тіркеуді растайтын құжаттар болуы керек екенін ұмытпаңыз (егер заңмен талап етілсе).

Дронды ұшыру тек күндізгі уақытта және оператордың көру қабілеті шегінде жүзеге асырылуы керек.

Барлық тұрғындар үшін:

Сіздердің қырағылығыңыз қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Егер Сіз, күдік тудыратын дронды байқасаңыз, оның фактісі туралы хабарлаңыз.

Бірге біз өңіріміздің қауіпсіздігін сақтай аламыз!

Естеріңізге саламыз: дронды пайдалану қағидаларын бұзу кез келген жағдайда қауіп тудыруы мүмкін және заң бойынша жауапкершілікке әкеледі.

Социальные медиа
facebook
Instagram
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты