АҚЖАЙЫҚ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ШЕШІМІ
Чапаев ауылы №13 2023 жылғы 2 тамыз
Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы
Ақжайық ауданының Қабыршақты және Көнеккеткен
ауылдық округі әкімдерінің сайлауын
2023 жылғы 10 қыркүйекке тағайындау туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 8-1)-тармақшасына және 113-1-бабының 1-, 3 - тармақтарына сәйкес Ақжайық аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:
- Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының Қабыршақты және Көнеккеткен ауылдық округі әкімдерінің сайлауы 2023 жылғы 10 қыркүйекке тағайындалсын.
- 2023 жылғы 10 қыркүйекке тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының Қабыршақты және Көнеккеткен ауылдық округі әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Сайлау шаралары Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес өткізілсін.
- Осы шешімнің көшірмесі Ақжайық ауданының әкіміне жолдансын.
- Осы шешім аудандық «Жайық таңы» қоғамдық – саяси газетінде және аудан әкімдігінің сайтында (мемлекеттік органдардың бірыңғай интернет ресурстар порталы) жариялансын.
- Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы С.Аймукашев