Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Базартөбе ауылдық округінің әкімін таңдау нәтижелері туралы мәліметтер

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Базартөбе ауылдық округінің әкімін таңдау нәтижелері туралы мәліметтер

2022 жылғы 13 ақпан

 Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының Базартөбе ауылдық округі.

Сайлауға 1 аумақтық және 3 учаскелік сайлау комиссиялары қатысты.

Өзін-өзі ұсыну арқылы 3 кандидат ұсынылды.

Үш үміткер бюджеттік ұйымның қызметкерлері болып табылады. Бірінші кандидат - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Ауыл шаруашылығы дақылдарының сортын сынау жөніндегі мемлекеттік комиссия" Республикалық мемлекеттік мекемесінің Бөрлі мемлекеттік астық сортын сынау учаскесі филиалының басқарушысы, екінші кандидат – Ақжайық аудандық ветеринариялық станциясының ветеринариялық учаскесінің телім меңгерушісі, үшінші кандидат-Базартөбе жалпы орта білім беретін мектебінің директоры.

3 кандидат сайлау бюллетеньдеріне енгізілді.

Дауыс беруге сайлаушылардың жалпы санынан (68,2%) қатысты.

Дауыс беру қорытындысы бойынша 65,2% дауыс жинаған өзін-өзі ұсынған Нұрбек Кенжеұлы Зиеденов әкім болып сайланды.

Сайлау учаскесінде кандидаттардан 10 сенім білдірілген адам ( өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылған) және «Партиялық емес бақылау орталығы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облыстық филиалынан 6 байқаушы тіркелді.

Дата публикации
14 февраля 2022