АҚЖАЙЫҚ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ АҚЖАЙЫҚ АУДАНЫНДА АУЫЛДЫҚ ОКРУГ ӘКІМІНЕ КАНДИДАТТАРДЫ ҰСЫНУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМАСЫ

АҚЖАЙЫҚ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ АҚЖАЙЫҚ АУДАНЫНДА АУЫЛДЫҚ ОКРУГ ӘКІМІНЕ КАНДИДАТТАРДЫ ҰСЫНУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМАСЫ

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-3 бабына сәйкес 2022 жылғы 28 қаңтар күні жергілікті уақытпен сағат 18.00де Базартөбе ауылдық округтері әкіміне кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталғанын хабарлайды.

2022 жылдың 15 қаңтарынан 28 қаңтар аралығында Ақжайық аудандық аумақтық сайлау комиссиясына әкімдікке барлығы 3 кандидаттың өтініштері келіп түсті, 3-де өзін-өзі ұсынушылар.

Ұсынылған кандидаттардың- 3(100%) бюджеттік саласының қызметкерлері.

 Кандидаттардың орта жасы-3, ең жас кандидат-47, ең жасы үлкен кандидат-60 жаста.

2 кандидат- ауылдық округте, 1- кандидат Орал қаласында тұрады.

Ағымдағы жылы 31 қаңтардағы жағдай бойынша 1 кандидат тіркелді.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-5 бабының 9-тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы ресми ақпарат аудандық «Жайық таңы» газетінде жарияланатын болады.  

 

С.Аймукашев

Ақжайық аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы

Дата публикации
31 января 2022