АҚЖАЙЫҚ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ШЕШІМІ

АҚЖАЙЫҚ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ШЕШІМІ

 

Чапаев ауылы                                   №45                        2026 жылғы 18 маусым

 

 

2026 жылғы 5 шілдеге тағайындалған

Қазақстан Республикасы  Батыс Қазақстан облысы

Ақжайық ауданы Чапаев ауылдық округі әкімінің

сайлауына байланысты Чапаев ауылдық округі әкімі лауазымына

кандидаттардың сайлауалды пікірсайысын өткізу туралы

                         

        

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 27-бабы 3-тармағының 2)тармақшасына,       28-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 25 тамыздағы №12/198 «Сайлау алдындағы пікірсайыстарды өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:

  1. 2026 жылғы 5 шілдеге тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Чапаев ауылдық округі әкімінің сайлауына байланысты ағымдағы жылдың 24 маусым күні сағат 17:00-де Ақжайық аудандық мәдени-демалыс орталығы (келісім бойынша) кандидаттар арасында сайлауалды пікірсайысы өткізілсін.
  2. 2026 жылғы 5 шілдеге тағайындалған Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Чапаев ауылдық округі әкімінің сайлауына байланысты кандидаттардың сайлауалды пікірсайысын өткізу жөніндегі жоспар бекітілсін (1-қосымша).
  3. Осы шешім Чапаев ауылдық округі әкімі лауазымына тіркелген кандидаттардың назарына жеткізілсін.
  4. Осы шешім Ақжайық ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялансын.
  5. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары С. Стармаусоваға жүктелсін.
  6. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

 

 

Ақжайық ауданының аумақтық

сайлау комиссиясының төрағасы                                       Е.Мангуров

 

Дата публикации
17 июня 2026