АҚЖАЙЫҚ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14 бабының 8-1) тармақшасына және 113-5-бабына сәйкес, Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2026 жылғы 11 маусымда Чапаев ауылдық округі әкімінің лауазымына келесі кандидаттарды тіркеді:
- Алмешова София Камбаровна, 1987 жылы туған, Ақжайық ауданы Мерген ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының Мерген ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды;
- Карл Бахтияр Асқарұлы, 1988 жылы туған, жұмыссыз, Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында тұрады, өзін-өзі ұсынды;
- Сельбаев Кайрлы Жардемович, 1973 жылы туған, Ақжайық аудандық мәдени демалыс орталығына қарасты Ақжол ауылдық мәдениет үйінің меңгерушісі, Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының Ілбішін ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды.
Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясы