Қуанышты осы шарада Бударин, Жаңабұлақ және Шабдаржап ауылының отбасылары да су жаңа баспананың кілтін алды.
Халықтық «Жайдарман» әжелер ансамблі ән әуелетіп, шашу шашса, Бударин ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Хамит Оразұлы сөз сөйлеп, жаңа шаңырақ иелеріне береке мен бірлік тіледі. Пәтер иелері де өздерінің жақсы лебіздерін жаудырды.