«Жас маман – 2025»

«Жас маман – 2025»

Ағымдағы жылдың 26-27 мамыр күндері Алғабас ауылында аудандық деңгейде "Жас маман – 2025" атты жас мамандар слёті өтуде. Шараның негізгі мақсаты – жастардың кәсіби дамуына қолдау көрсету, тәжірибе алмасу және өзара ынтымақтастықты нығайту. Слёт аясында түрлі семинар-тренингтер, ашық пікірталастар мен мәдени-спорттық шаралар жоспарланған. Іс-шараны ұйымдастырушылар: Алғабас орта жалпы білім беретін мектебі және Жаңажол негізгі мектебінің әкімшілігі.