Талантты және дарынды балаларды қолдау мақсатында Павлодар облысының әкімдігі 2021 жылы «Тәуелсіздік ұланы» сыйақысын тағайындады. Аталмыш сыйақы 5 номинация бойынша табысталады: «Ғылыми-техникалық шығармашылық пен оқу-зерттеу қызметі», «Кәсіби шеберлік», «Шығармашылық шеберлік», «Спорттық шеберлік», «Әлеуметтік маңызы бар және қоғамдық қызмет».
Республика күні қарсаңында облысымыздың 100 оқушысы осы төсбелгімен марапатталып, бір реттік шәкіртақы алды. Олардың қатарында Май ауданының 3 оқушысы бар.
🔸️Қадыр Ерболат, Көктөбе орта мектебінің 9-сынып оқушысы;
🔸️Сейілғазы Мәрмәр, Ақжар орта мектебінің 11-сынып оқушысы;
🔸️Досымжанова Айнара, Ақжар орта мектебінің 8-сынып оқушысы.
Қадыр Ерболатқа марапатты облыс әкімі А.Байханов табыстады. Ал, Ақжар орта мектебінің оқушылары облыстық марапаттау рәсімін тікелей байланыс арқылы көріп, аудан әкімі Қ. Сәтиевтің қолынан марапат алды.