ҚАЗАҚСТАН НЕГІЗГІ ОРТА БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫЛАРЫ "AUYL SPORT - 2024" ПАВЛОДАР ӨҢІРЛІК АУЫЛ БАЛАЛАРЫ АРАСЫНДАҒЫ ЛИГАНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ

2024 жылдың 12-13 қазан күндері Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы өкілінің төрағалығымен, "Халық" Қайырымдылық қоры" жеке қорының ұйымдастыруымен өткен лигаға мектебіміздің 5 оқушысы Павлодар қаласында өткен "AUYL SPORT -2024"өңірлік ауыл балалары арасындағы лигаға шахмат турниріне қатысып, 3 оқушымыз жүлделі орындарға ие болды.
Жалпы Лиганың мақсаты - ауылдық елді мекендерде спортты дамыту, спортқа құмар ауыл балалары мен жасөспірімдерге қолдау көрсету.
Шахмат турнирі оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай ұйымдастырылды.
10 жасқа дейінгі ұлдар арасындағы шахматтан 5-сынып оқушысы Муканов Даниэль І орын жеңімпазы және ұлдар арасынан шахматтан "Үздік жас спортшы" номинациясының иегері атанды. 14 жасқа дейінгі қыздар мен ұлдар арасындағы шахматтан 7-сынып оқушылары Нурлыбекова Каусар жүлделі ІІ орынды және Мейрамбек Алинар ІІІ орынды иеленді. Сонымен қатар, мектебіміздің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, оқушылардың жаттықтырушысы Кошербаева Мейрамгуль Толегеновна жеңімпаз оқушыларды дайындағаны үшін жүлделі І орын дипломмен марапатталды. Мектебіміздің І орын жеңімпазы Муканов Даниэль Павлодар облысының намысын қорғау үшін Республикалық Лигаға жолдама алды. Даниэльге сәттілік тілейміз.