«Жас құтқарушы – 2026»

«Жас құтқарушы – 2026»

Оқушылардың өмірге қауіп төндіретін жағдайларда өмір сүру дағдыларын қалыптастыру мен оқушылардың төтенше жағдайларда әрекет етуге дайындығын практикалық тексеру, тіршілік қауіпсіздігі мәселелеріне, өрт немесе басқа да төтенше жағдайлар туындаған жағдайда дұрыс әрекет ету дағдыларына үйрету, зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету мақсатында 29 мамыр күні облыстық «Жас құтқарушы-2026» жарысы өткізілді.
Жарыс ережесіне сәйкес "Визит карточкасы", "Газет-жарнама қалқаны" «Алғашқы көмек көрсету", "Өрт эстафетасы", «Өрт сөндіру киімін кию» және «Өрт жиендерін дұрыс орналастыру» кезеңдерін қамтыды.
Облыстық жарыста Май ауданының намысын Ерсін Мұқашев атындағы ОМ командасы қорғап жүлделі 2 орынға ие болды.
Жетекшісі Жанабек Ғаламат Ғалымжанұлы.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!