
Павлодар облысының білім беру басқармасы ұйымдастырған «Алтын қазына» көркем және сәндік-қолданбалы өнер бойынша балалар шығармашылығының облыстық көрме-байқауында
«Ағашты, сүйекті, теріні көркемдеп өңдеу» номинациясы бойынша
І дәрежелі диплом иегері атанған оқушымыз Серік Ерсұлтанды шын жүректен құттықтаймыз!
Жетекшісі — қосымша білім беру педагогі Шакиров Марат Амангелдіұлы.
Еңбектеріңіз әрдайым жемісті болып, шығармашылық табыстарыңыз арта берсін!
Жаңа белестер мен жеңістер тілейміз!