
«Дарын» республикалық гылыми-практикалық орталығы Жетісу облысының білім басқармасымен бірлесіп, 2026 жылғы 13-15 мамыр аралығында республикалық «Ілияс Жансүгіров оқулары» байқауын өткізді.
Ережеге сәйкес байқау келесі бес бағыт бойынша жүргізілді: «Ілияс – эпик ақын» – «Құлагер» поэмасын жұптар құрамында кезекпен жалғастыру; «Жаз! Жаз! Қалам, жорғалап» – жас ақындар сайысы; «Ілияс – қара сөз шебері» – көркемсөз оқу; «Сұлу сөздің сүлейі» – өлеңдерді талдау; «Заманның заңғар тұлғасы» – жазушының 1 шығармасына буктрейлер жасау.
Павлодар облысынан республикалық додаға өңірлік байқаудың Бас жүлде иегері 6 оқушы қатысты.
Республикалық шара қорытындысы бойынша Май ауданы білім беру бөлімінің Ақжар жалпы орта білім беру мектебінің 9-сынып оқушысы Досымжанова Айнара «Дарын» РҒПО-ның құрмет грамотамен марапатталды. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ💐💐💐