2026 жылғы 14 мамырда Павлодар облысы Екібастұз қаласының Естай атындағы балалар музыка мектебінде ҮІ Республикалық Мәшһүр Жүсіп оқулары өткізілді.

Байқау келесі бағыттар бойынша өткізілді:
• «Алдыма өлең жаз деп қағаз келген…» (ақындар мүшәйрасы);
• «Бас болып өнер білсең…» (ғылыми жоба қорғау);
• «Білімді зерек адам болам!» – десең…» (эссе жазу);
• «Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының фольклорлық мұрасы. Хандар, батырлар» (тұлғалар туралы деректерді талдау);
• «Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының фольклорлық мұрасы. Би-шешендер, жырау-ақындар» (тұлғалар туралы деректерді талдау)
Сайысқа 13 облыстан, Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан және Абай Ұлттық және Республикалық физика-математика мектептерінен 85 үміткер қатысты.
Қазылар алқасының шешімі негізінде 43 оқушы жеңімпаз бен жүлдегер атанды: І орын – 5, ІІ орын – 15, ІІІ орын – 23.
Байқау барысында қатысушылары мен жетекшілерге Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының кесенесіне бару ұйымдастырылды. Оқушылар мен жетекшілер Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының музейін тамашалады.
Көктөбе ОМ -нің 10- сынып окушысы Қадыр Ерболат «Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының фольклорлық мұрасы. Хандар, батырлар» (тұлғалар туралы деректерді талдау) бағыты бойынша ІІ дәрежелі дипломға ие болды. (жетекшісі: Иманбаева Зауреш Жумабаевна)

Білім мен еңбектің арқасында биік белестерді бағындырған шәкіртімізді республикалық сайыста жүлделі ІІ орын алуымен шын жүректен құттықтаймыз! Осындай үлкен додада мектебіміздің мерейін асырып, үздіктер қатарынан көріну — зор мақтаныш! 🌟