
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында мектебіміздің түлектері мен ата-аналарының қолдауымен мектеп ауласына ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілді.
Табиғатты аялауға бағытталған бұл игі іске белсене қатысып, үлес қосқан құрметті ата-аналарға шынайы алғысымызды білдіреміз! 🌿
Сіздердің қолдауларыңыз – жас ұрпаққа үлгі, мектепке деген жанашырлықтың айғағы.
Бірлігіміз бекем, мектебіміз көркейе берсін! 🤝✨
Үлкен рахмет!