“Кітапхана түні – 2026” 20 сәуір күні аудандық кітапханада Ұлттық кітап күніне орай “Кітапхана түні – 2026” шарасы жоғары деңгейде өтті. Бұл кеш оқырмандарға ерекше әсер сыйлап, кітап әлеміне деген қызығушылықты арттырды.

“Кітапхана түні – 2026”
20 сәуір күні аудандық кітапханада Ұлттық кітап күніне орай “Кітапхана түні – 2026” шарасы жоғары деңгейде өтті. Бұл кеш оқырмандарға ерекше әсер сыйлап, кітап әлеміне деген қызығушылықты арттырды.
Шара барысында қатысушылар түрлі викториналар мен интеллектуалды ойындарға қатысып, өз білімдерін сынады. Музыкалық бағдарлама мен поэзиялық оқулар кештің көркін қыздырды.
Көрермендер назарына “Ұр, тоқпақ” ертегісі сахналанып, әсерлі қойылым ұсынылды. Балалар үшін ұйымдастырылған аквагрим алаңы ерекше көңіл-күй сыйлады.
Кештің көркін қыздырған ерекше аймақтардың бірі – кітап инсталляцияларынан жасалған фотозона болды. Қонақтар әсем безендірілген кеңістікте естелік суреттерге түсті.
Еркін шығармашылық алаңы – ашық микрофон арқылы қатысушылар ән айтып, өлең оқып, өз өнерлерін ортаға салды.
“Кітапхана түні – 2026” – рухани байлық пен шығармашылықтың тоғысқан жарқын кеші болды.