
М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайының ұйымдастыруымен «Family Day» облыстық жобасы аясында «Менің отбасым – менің байлығым» облыстық конкурсы 16 сәуір күні өткізілді. Конкурс «Адал азамат» бағдарламасын іске асыру аясында ұйымдастырылды. Конкурсқа балалар мен ата-аналардан (заңды өкілдерден) құралған отбасылық командалар қатысты. Май ауданынан жоғарыда аталған отбасылық конкурсқа А.Иманов атындағы ОМ Балкеновтар отбасы қатысты. (Балкенова Гаухар Жекеновна, Өмірзақ Шапағат және Өмірзақ ата) Жалпы конкурс 3 бағытты қамтыды:
*Отбасының визиттік карточкасы. Отбасын шығармашылық түрде таныстыру, дәстүрлері, құндылықтары мен қызығушылықтары туралы әңгімелеу.
*Шығармашылық тапсырма «Отбасылық құндылықтар». Отбасының баланың өміріндегі рөлін ашатын сахналық көрініс, мини-спектакль, ән, би, авторлық мәтін немесе бейнеролик.
*Зияткерлік тапсырма «Біз – бір командамыз». Отбасы тарихы, дәстүрлері мен мәдени мұрасы бойынша сұрақтарға жауап беру.
Әділ қазылар шараға қатысқан отбасылық командалардың тақырыбына сәйкестігін, шығармашылық көзқарас пен бірегейлігін, сөйлеу мәдениеті мен әртістігін, отбасы мүшелерінің өзара әрекеттестігін және уақыт регламенттің әр бағытта сақтауын бағалады.
Қорытынды бойынша Балкеновтар отбасы облыстық конкурста 3 дәрежелі дипломмен марапатталды.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз💐💐💐