Ғылым күніне арналған диалог алаңы

Ғылым күніне арналған диалог алаңы

Ғылым күніне орай Май ауданының білім беру бөлімі Аманкелді Иманов атындағы лицей-мектебінде Торайғыров университеті ғалымдарының қатысуымен диалог алаңы ұйымдастырылды. Шараға аудан мектептерінің оқушылары мен жетекшілері қатысты.

Кездесу барысында оқушылар мен ұстаздар ғылым мен білімнің маңызы туралы пікір алмасып, ашық микрофон алаңында ғалымдарға сұрақ қойып, еркін пікірталас жүргізді.

Дәстүрлі «Ғылымға алғашқы қадам» айдары аясында облыстық, республикалық ғылыми жобалар конкурстарының жеңімпаздары өз зерттеулерін таныстырып, тәжірибелерімен бөлісті.

Шараға Торайғыров университетінің ғалымдары өкілдері қатысып, жас зерттеушілерге бағыт-бағдар берді.


Жас ғалымдарды қолдау – жарқын болашақтың кепілі!