
Заң және тәртіп жобасы аясында құқықтық мәдениетті қалыптастыру бойынша "Құқықтық ағарту: балалардың құқықтары мен міндеттері" атты тақырыбында Ішкі істер министрлігінің ардагері, зейнеткер-тәлімгер Абдугаликова А. К мектеп оқушыларына құқықтық сабақтар циклін өткізе бастады. Зейнеткер - тәлімгер өз сөзінде құқықтық тәртіптің маңыздылығын, заң бұзушылықтың теріс салдарын және жастардың дұрыс жолда болуы үшін қандай шаралар қабылданатынын айтып өтті. Кездесу барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тәжірибелі ардагерден нақты кеңестер алды.